Спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыру бағдарламасындағы өзгерістер туралы ақпарат

Құрметті абоненттер!
2026 жылдың III тоқсанынан бастап «TV Commerce» ЖШС спутниктік қабылдау құрылғыларын іске асыруға байланысты спутниктік телерадио хабарларын тарату операторларының шығындарының бір бөлігін субсидиялау жөніндегі мемлекеттік бағдарламаға қатысуын тоқтататынын хабарлаймыз.

Сонымен қатар, TVCOM компаниясы өз жұмысын қалыпты режимде жалғастыратынын және Бағдарлама аясында абоненттер алдында қабылдаған барлық міндеттемелерін толық көлемде орындайтынын назарларыңызға саламыз.
Бұған дейін сатып алынған барлық спутниктік қабылдау құрылғылары белгіленген тәртіппен қызмет көрсетіле береді. Абоненттерге сервистік қолдау көрсету, қосылу және TVCOM телевизиялық қызметтерін пайдалану қолданыстағы қызмет көрсету шарттарына сәйкес жалғасады.

Бағдарлама аяқталғаннан кейін жабдық сатып алуды жоспарлаған абоненттер үшін TVCOM спутниктік қабылдау құрылғылары компанияның қолданыстағы прейскурантына сәйкес стандартты бөлшек сауда бағасымен ұсынылады.
Біз абоненттерімізге сенім білдіргендері үшін алғыс айтамыз және Қазақстан тұрғындарын сапалы телевизиялық қызметтермен, заманауи технологиялармен және жоғары деңгейдегі сервистік қолдаумен қамтамасыз ету жөніндегі басты міндетімізді одан әрі жалғастырамыз.

Барлық сұрақтар бойынша TVCOM байланыс орталығына 301 немесе 43-43 нөмірі арқылы хабарласа аласыздар.













Made on
Tilda