Субсидиялау бағдарламасы бойынша сатып алынған спутник қабылдағышының кепілдігі мен қайтарылуы

Тауардың кепілдік мерзімі 12 айды құрайды.

Қазақстан Республикасының «Тұтынушылардың құқықтарын қорғау туралы» Заңының 30-бабы бойынша, абонент сатып алған спутниктік Қабылдағышты сатып алынған күннен бастап 14 күнтізбелік күн ішінде, егер ол сапалы болса, яғни: тауар пайдаланылмаған, тауарлық түрі, қаптамасы, толық жинақталуы, тұтынушылық қасиеттері, пломбалары, жапсырмалары сақталған, сондай-ақ сатып алынғанын растайтын чек бар болған жағдайда, айырбастауға немесе қайтаруға құқылы.

Қайтару жағдайлары: Қабылдағышты қайтару тек келесі жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін:
  • Қабылдағыш және оның құрамдас бөліктері жұмысқа жарамды күйде болып, сыртқы және ішкі зақымдары болмауы тиіс.
  • Тауардың барлық жиынтығы сақталған болуы керек.
  • Құжаттар жинағы, түпнұсқа қаптама және қорғаныс элементтері (пленкалар, қаптама) бүтін және бастапқы тауарлық түрінде болуы қажет.

Қайтару рәсімі: Қабылдағышты қайтару үшін абонент белгіленген тәртіп бойынша қолдау қызметіне немесе компания өкіліне жүгініп, сатып алынғанын растайтын құжаттармен бірге тауарды ұсынуы тиіс.

Кепілдік міндеттемелері келесі жағдайларда тоқтатылуы мүмкін:
  1. Қабылдағышты тасымалдау, сақтау немесе пайдалану ережелерін бұзу салдарынан туындаған айқын немесе жасырын механикалық зақымдардың болуы.
  2. Форс-мажор жағдайларының, жазатайым оқиғалардың, тұтынушының немесе үшінші тұлғалардың қасақана немесе абайсызда жасаған әрекеттерінің (әрекетсіздігінің) салдарынан туындаған ақаулар, соның ішінде Қабылдағыштың рұқсат етілмеген қосалқы бөлшектерді пайдаланып жөнделуі.
  3. Бақылау жапсырмалары мен пломбалардың (олар болған жағдайда) бүлінуі.
  4. Өндіруші шығармайтын және жеткізбейтін кез келген бұйымдармен, керек-жарақтармен бірге немесе олармен қосып пайдаланудан, немесе Қабылдағышты нұсқаулыққа сай қолданбаудан туындаған ақаулар.

Кепілдік міндеттемелері қолдану кезінде жұмсалатын деп саналатын материалдар мен бөлшектерге (HDMI кабелі, қуат көзі, қашықтан басқару пульті және т. б.) қолданылмайды

Made on
Tilda